Бүгін таңертең бүлікшілер мемлекеттік теледидардан елді Демократияны қалпына келтіру жөніндегі жоғарғы кеңес басқаратынын мәлімдеген болатын.
18:55, 19 Ақпан 2010
Нигериядағы көтерісшілер өз көшбасшыларының есімін атады
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Нигериядағы билікті басып алған көтерісшілер оның басшылығымен мемлекеттік төңкеріс жасаған өз көшбасшыларының есімін атады. Ол - артиллерия майоры Салу Джибо, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін көтерілісшілердің көшбасшысы полковник Джибриль Адаму деп хабарланған болатын.