Нигерияның экс-президенті Мұхаммаду Бухари қайтыс болды
05:04, 14 Шілде 2025
ПРЕТОРИЯ. KAZINFORM — Нигерияның бұрынғы президенті Мұхаммаду Бухари 83 жасында Лондондағы ауруханада көз жұмды. Бұл туралы елдің бұрынғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Гарба Шеху хабарлады, деп жазады ТАСС.
— Бұрынғы президент Мұхаммаду Бухаридің отбасы оның қайтыс болғанын жариялады, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Мұхаммаду Бухари Нигерия президенті қызметін 2015 жылдан 2023 жылға дейін атқарған. GhanaWeb порталының мәліметінше, оның билігінің соңғы бірнеше жылы денсаулығына байланысты қиындықтармен өтті, сол себепті ол Ұлыбританияға жиі әрі ұзақ мерзімді ем қабылдауға кетіп жүрген.
Айта кетейік, бұған дейін Нигериядағы қарулы шабуылда 34 сарбаз қаза тапқанын жаздық.