Нигерияның оңтүстігінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде 32 бала мерт болды

Фото: Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Оқиға Нигарияның оңтүстігіндегі Ойо штатындағы жәрмеңке кезінде болды, деп жазады Түркияның Анадолы  агенттігі.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, Нигерияның оңтүстігіндегі Ойо штатының астанасы Ибадан қаласында өткен жеке жәрмеңкеге жиналған адамдар арасында қысылып қалған 32 бала мерт болған. Сонымен қатар, көптеген адамдар жараланған.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген, оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ойо штатының губернаторы Шейи Макинде жәрмеңке ұйымдастырушылары ұсталғанын мәлімдеген.

Бұған дейін Нигерияның Бенуэ штатында жолаушылар кемесі суға батып, 20 адам мерт болғанын хабарлаған едік.

Қараша айының соңында да Нигер өзенінде қайық аударылып, 27 адам құрбан болған.