АБУДЖА. KAZINFORM – Нигерияның солтүстігіндегі Плато штатында бірнеше күн бойы содырлардың бірқатар шабуылдары салдарынан 52 адам қаза тауып, 2000-ға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Нигерияның төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігі хабарлаған.
— Себебі әзірге белгісіз. Шабуылдар өткен аптада Боккос ауданындағы алты ауылда болды. Бұл 2023 жылдың желтоқсанынан бергі аймақтағы ең ірі зорлық-зомбылық оқиғасы. Сол кезде осы ауданда 100-ден астам адам қаза тапты», — делінген хабарда, деп жазады Report.
Плато штаты ұзақ уақыт бойы фермерлер мен малшылар арасындағы шиеленіс пен мерзімді қақтығыстардың аймағы болып келеді.
Айта кетейік, бұған дейін өткен жылдың қараша айында Нигерияда «Боко Харам» лаңкестерімен қақтығыстарда 15 сарбаз қаза тапқанын жазған едік.
Дәл осы топ қыркүйек айында Йобе штатындағы Мафа ауылына шабуыл жасап, 80-ге жуық адамның өмірін қиды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы