Нигерияның оңтүстігінде аударылып кеткен жанармай тасығыштың отқа орануынан 90-ға жуық адам қаза болды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстігінде аударылып кеткен жанармай тасығыштың отқа орануынан 90-ға жуық адам қаза болды. Бұл туралы бүгін нигериялық құқық қорғау органдары хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Жанар-жағармайға толы бензин тасығыш таңертең аударылды, адамдар «тегін бензинді» жинап алмақ болған кезде өрт шығып, көптеген адамдар құрбан болды. Лаулаған өрт ондаған адамды шарпып өтті», - деді қайғылы оқиға орын алған оңтүстік Риверс штатындағы полиция өкілі.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, 92 адам ажал құшты. Оның ішінде апат болған жерді көру үшін келген әйелдер мен балалар да бар.