Нигерияның солтүстік-шығысында 185 адам ұрланды, тағы 35-і қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияда «Боко харам» радикалды қозғалысының жауынгерлері Гумсури елді мекеніне жасаған шабуыл кезінде кемінде 185 адамды, соның ішінде әйелдер мен балаларды ұрлап әкетті.

Осындай нақтыланған мәліметтерді африкалық елдің күш құрылымдарындағы дереккөздер келтірді. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметтері бойынша, экстремистер өз тұтқындарын «Боко харамның» ірі базаларының бірі орналасқан Самбис орманды массивіне алып кеткен. Сонымен бірге шабуыл кезінде 35 адамның өлтірілгені хабарланды, деп хабарлады ТАСС.