Ник Вуйчич Қазақстанға келмейді
Бұдан бұрын БАҚ-та сирек кездесетін аурумен дүниеге келген шешен, жазушы Ник Вуйчич Қазақстанға келетіні, осы жылғы 1 және 2 желтоқсанда Алматыда өтетін «Synergy global forum» форумына спикер ретінде қатысатыны жайлы ақпарат пайда болған.
«Баршаңызға сәлем. Кей адамдар Фейсбукте фейк парақшалар ашқанын ескерткім келеді. Оқығандарыңыздың барлығына сене бермеңіздер! Өкінішке қарай, Интернетте менің Қазақстанға баратыным, Synegry Global Forum Almaty 2017 шарасына қатысып, 1-2 желтоқсанда сонда болатыным жайлы жалған ақпарат бар. Бұл жалған!», - деді Ник Вуйчич.
Ол осы ұйымға хабарласып, барлық жазбалардан суретін алып тастауын өтінбекші екенін нақтылады.
Ник Вуйчич - кәсіби мотивациялық шешен, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туған. Ол аяқ-қолы жоқ боп туылып, физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Компьютерде жұмыс істеп, жаза алады.
Ник Вуйчич мектептерде, университеттерде, басқа да ұйымдарда сөз сөйлеп, әлемнің көптеген елдерін аралаған.