Никарагуада жанартау оянып, тұрғындар шұғыл көшіріліп жатыр

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Никарагуада Сан-Кристобаль жанартауының оянуы салдарынан тұрғындардың жаппай көшірілетіндігі жария етілді,

деп хабарлайды Agence France-Presse.

Биліктің тапсырмасына сәйкес, жанартау етегіндегі елді мекендерде тұратын шамамен үш мың адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілетін болады. Азаматтық қорғаныс министрлігі өкілдерінің нақтылай түсуінше, қауіпсіз жерге көшірілетін  аумақ бұдан да кеңейе түсуі мүмкін.

Кеше Сан-Кристобаль оянып, жанартау күлі 5 мың метрлік биіктікке дейін жеткен еді. Ғалымдар таяу аралықта жанартау белсенділігі арта түседі деп болжап отыр