АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Никарагуа астанасы Манагуаның оңтүстік-шығысында 23 шақырым жерде орналасқан Сантьяго жанартауынан балқып аққан тау жыныстары ұлттық саябақтың өртенуіне себеп болды.
Қазіргі кезде аталған саябақ уақытша жабылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.
Аймақтық зерттеу ұлттық институты өкілдерінің хабарлауынша, тау бөктерінде орналасқан елді мекендер зардап шекпеген көрінеді.
Лаваның тасқындай ағуы салдарынан 1,5 гектер аумақты жалын шарпыған. Қазіргі уақытта мұнда өртті сөндіру шаралары атқарылып жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.