«Біз Мария Шарапова туралы жаңалықтарды естіп, таңғалдық. Біз тергеу аяқталғанша Мариямен қатынастарды тоқтатуды шештік. Жағдайды бақылап отырамыз», - делінген Nike компаниясының мәлімдемесінде.
13:57, 08 Наурыз 2016
Nike допингке қатысты жағдайға байланысты Шараповамен әріптестігін тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық киім, аяқ киім және құралдарды шығаратын Nike компаниясы Мария Шараповамен жасалған шартты тоқтатты. Дүйсенбінің кешінде ресейлік теннисші Австралия Ашық чемпионаты кезінде ол допинг-сынақтан өтпей қалғанын мойындаған еді, деп жазады РБК.