Никита Чирюкин Аргентинадағы әлем кубогы кезеңінде 4-орын алды
11:30, 09 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды.
Ол 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан финалға дейін жетті. Шешуші кезеңде Чирюкин төртінші орынмен шектелді.
Үндістандық спортшы Виджайвир Сидху қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жарыс жеңімпазы болды. Жүлделі екінші орынды италиялық Рикардо Мазетти иеленсе, қытайлық Юйхао Ян қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін нысана көздеуден қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдесіне ие болғанын хабарлаған едік.