Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға келеді

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді.

- Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президентін Ақордада қарсы алды.