Никол Пашинян Әзербайжанмен бейбіт келісімге не себепті қол қоймағанын айтты
Армения министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Армения мен Әзербайжан тараптар арасында сенімнің жоқтығынан бейбіт келісімге қол қоймай отыр. Алайда оның сөзінше, Армения үкіметі бар мәселелерді шешуге бағытталған дипломатиялық және саяси жұмысты жандандыруға ниетті, деп хабарлайды Kazinfom.
Ұлттық жиналыстың кезекті сессиясында «Армения Республикасының 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы» заң жобасын талқылау барысында Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге не себепті қол қоймай отырғанын түсіндірді.
«Егер Әзербайжанмен бейбітшілік қағидаттары келісілсе, мәселе неде болуы мүмкін? Неге біз алға жылжымаймыз, неге бейбітшілік келісіміне қол қоймаймыз? Жалпы айтқанда, басты себеп тараптар арасындағы сенімсіздікте болып тұр. Өйткені біз әрқашан Әзербайжанның немесе Әзербайжан біздің мәлімдемелерімізде және кейбір әрекеттерімізде келісімдерден бас тарту және агрессивті әрекеттерді жоспарлау ниетін көреміз. Бұл бейбітшілік шартының мәтінімен жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді», — деді Никол Пашинян.
Оның айтуынша, жақын арада тараптар тағы бірнеше негізгі мәселені нақтылауы керек. Біріншісі — бейбітшілік шартының мазмұнына қатысты ықтимал қате түсіндірулерді еңсеру механизмін тұжырымдау. Екіншісі — қауіпсіздік кепілдігі.
Армения премьер-министрінің айтуынша, үкімет пен оның жеке өзі осы проблемаларды еңсеруге бағытталған дипломатиялық және саяси жұмысты жандандыруға ниетті.