Армения министрлер кабинетінің басшысы бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге өз қызметтерінен кету туралы үндеу жасағанын растады.
— Құрметті отандастар, баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде орын алған ауқымды талқылауларды ескере отырып, мен бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге қызметінен кету туралы өтінішпен жүгінгенімді хабарлауды қажет деп санаймын. Үндеудің себептері — жеке мәселе емес, мен көпшілік алдында айтқан жүйелі себептер, — делінген Армения премьер-министрінің жазбасында.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, отставкаға кетуге Ішкі істер министрі Ваге Казарян, Тергеу комитетінің басшысы Аргишти Кярамян, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің басшысы Сасун Хачатрян, Жоғарғы сот кеңесінің басшысы Карен Андреасян, аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносян, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Рустам Бадасян өтініш берді.
Бұған дейін Әзербайжан мен Армения шекараны белгілеу тәртібін талқылағаны хабарланды.