Бұл туралы Армения Республикасы Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян Арменпресс агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.
— Армения премьер-министрі Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қашықтан төрағалық етед, — деді Багдасарян.
Бұған дейін Никол Пашинян өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын мәлімдеген болатын.
Кеше ол Санкт-Петербургте өтетін ТМД бейресми саммитіне қатыспайтынын және бір күн ішінде ЕАЭО саммитіне қатысу туралы шешім қабылдайтынын айтты.
Кейінірек Премьер-министр әлеуметтік желіде тестілеуді қайта тапсырғанын жазды.
Санкт-Петербургте жұмысын бастайтын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысын YouTube-тегі Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көруге болатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.