Қалпына келтіру жұмыстары фабриканың кенді қайта өндеу қуатын 1,8 млн. тоннадан 2,2 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Мыс, мырыш және қорғасынды аттас концентраттарға бөліп алу көлемі де өседі. Сонымен қатар бұрын мыс, мырыш, қорғасын концентраттарының құрамында қалып келген бағалы металдар бөлек гравитациялық концентратқа бөлініп алынатын болады.
«Шығыстүстімет» өндірістік бірлестігінің директоры Амангелді Минигуловтың айтуынша, қалпына келтіруден кейін фабрика жаңа деңгейге көтеріледі. Жабдықтарды жаңалау өндірістік көрсеткіштерді арттырумен қатар, еңбек жағдайын жақсарта түседі. Атап айтқанда бұл жобаның аясында ұсату, флотация, реагенттерді дайындау бөлімдерін және дозалау алаңын қайта құру бағдарламасы жасалды. Қолданыстағы диірмендерді жаңалау, сорғы-гидроциклды қондырғыларды құрастыру көзделген. Бүгінгі күні монолитті темір бетонды жону, іргетасқа арналған тас-топырақ қазу жұмыстары жүріп жатыр. Технологиялық жабдықтарды, құбырларды құрастыруға дайындық жасалып, бір қалыпты бұйымдар, құбырлардың тіреулері, флотомашиналарға арналған бағаналар мен арқалықтар әзірленуде.
Жалпы Николаев байыту фабрикасы Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан. Фабрика 1980 жылы пайдалануға берілген және Артемьев, Юбилей-Снегириха және Николаев кеніштерінің кенін қайта өңдейді. Соңғы ретонда қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.