Николай Басков Ресей тарихындағы ең жас Халық әртісі атанды
13:49, 13 Мамыр 2009
МӘСКЕУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің жарлығымен Николай Басковқа Халық әртісі атағы берілді.
Кремль сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, атақ «музыка өнері саласындағы үлкен еңбегі үшін» берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.Қуанышты хабар туралы Николай Басковтың өзі РИА «Новости» сайтынан білген. «Бұл мен үшін үлкен мәртебе! Адамдарға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау мен үшін бақыт», ? деді Басков Glomu.ru тілшісіне берген сұхбатында.32 жасар Басков Ресей тарихындағы ең жас Халық әртісі атанды