Николай Валуев әке атанды
18:14, 30 Шілде 2012
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Думаның депутаты, бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Николай Валуев үшінші рет әке атанды. Бұл туралы ол Твиттер арқылы хабарлады.
«Ұлды болдым! Қуанышымда шек жоқ. Ендігіде ол Валуев Сергей Николаевич», - деді Валуев.
Айта кетейік, спортшының екі баласы - Гриша есімді ұлы мен Ира есімді қызы бар.