«Головкин мен Уэйд жекпе-жегі менің сәуірдегі ең күтіп жүрген ұрысым. Геннадий 34 жастағы, көптеген атақтар мен даңққа бөленген спортшы. Оның соққысы мықты, жылдамдығы жоғары, өте төзімді. Оның ұрыстары қашан да қызықты өтеді, қарсыласымен соққылар алмасуға да қорықпайды. Оның соққысы аса қуатты, қарсыласына ешбір мүмкіндк қалдырмайды. Ол қарсыласын кеңістікте шектей біледі, бұл да бір сөзсіз артықшылығы.
Ал Доминик Уэйд 26 жастағы америкалық боксшы. Бірақ та бұған дейін оның елеулі қарсыласы болмады. Головкинмен кездесу оған алғашқы сынақ. Осы ұрыста оның мансабы таразыға түседі. Ол осы жолы өзін көрсете білуі тиіс, жеңе алмаса да лайықты төтеп беру қажет. Батыл боксшы, кәсіби дағдыларды игерген. Оң қолымен жақсы ұрыс салады. Ол Головкиннің қуатты соққыларын дарытпау үшін рингте көбіне жиі қозғалып, орын ауыстырып отырады. Бұл айқаста мен үшін фаворит - әрине, Головкин. Ол кезекті қызықты ойынын өткізе отырып, әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлаймын. Геннадий бірінші раундыларда-ақ қарсыласының қауіпті емесін байқайды, сондықтан да ойынның шешімін біршама ұзарта түседі», - деді Валуев.
Болжам: Геннадий Головкин 7-ші раундта нокаутпен жеңіске жетеді.