Николя Саркози Франциядағы президенттік жарыстан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда партияішілік сайлауды ұйымдастыру комитеті барлығы 10,228 мың сайлау учаскесінің 5,496 мыңындағы (1,6 млн. сайлаушы) дауыстарды есептеп шығып, 22,9% дауыс жинаған бұрынғы президент Николя Саркозидің жарыс жолынан шығып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат 'Коммерсант'-қа сілтеме жасап.

Көш басында 43,6%  дауысқа ие болған бұрынғы премьер Франсуа Фийон тұр, одан кейін 26,7% дауыспен бұрынғы үкімет басшысы Ален Жюппе келеді. Қалған қатысушылар 10%-дан төмен нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, Францияда партиялық сайлаудың бірінші туры басталып кетті, оны оңшыл «Республикашылар» 2017 жылғы президенттік сайлауға түсетін үміткерді анықтау үшін өткізуде. Кандидаттыққа Николя Саркози, Ален Жюппе және Франсуа Фийон, және депутаттар Брюно Ле Мэр, Натали Костюшко-Моризе, Жан-Фредерик Пуасон және Жан-Франсуа Копе бақ таластыруда. Екінші тур 27 қараша күні өтуі тиіс.