"Бигмалион" ісі Саркозидің 2012 жылғы сайлау алды науқанын қаржыландырумен байланысты. Саркози мен оның «Халық қозғалысын қолдайтын одақ» партиясы әртүрлі қитұрқы тәсілдердің көмегімен науқанға бөлінген қаржының белгіленген шегінен асырып пайдаланған.
Тергеу жұмыстары барысында анықталған, пайдалануы тиіс €22,5 млн қаржының орнына €40 млн ақша жұмсаған. Бұл операцияның басым бөлігі "Бигмалион" жарнамалық фирмасы арқылы жүргізілген.