Бағдарлама барысында топ мүшелері таяуда ғана «Гәп» деген атаумен жаңа альбомдарының жарыққа шыққанын атап өтті.
«Жалпы, бұл альбомның жазылып жатқанына біраз уақыт болды. Альбомның жазылуы барысында басымыздан көптеген түрлі оқиға өтті. Содан ойлана келе альбомымызды «Гәп» деп атап туралы шешім қабылдадық. Бұл сөзді түрлі мағынада алып қарастыруға болады. Кез келген платформадан Ninety one тобының «Гәп» альбомын тыңдай аласыздар», - деп атап өтеді топ мүшелері.
Олардың сөзіне қарағанда жаңа альбом шығару қымбатқа түскен.
Сондай-ақ топ мүшелері алдағы уақытта «Ninety one Тур-2023» және «Гәп» деген хештегтермен Қазақстанда үлкен тур өткізетіндіктерін айтты.
«Жаңа түнгі студия» Нұрлан Қоянбаевпен» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.