Nintendo Switch сатылым бойынша рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Nintendo коропрациясының Nintendo Switch ойын приставкасы соңғы жылдары ең көп сатылған консоль ретінде рекорд орнатты, деп хабарлайды euronews.com .

Сатылымның ресми деректері сәуір айында жарияланады. Бірақ осы салаға маманданған Famitsu журналының деректері бойынша, алғашқы үш күнде Жапонияда 330 мың жаңа присавка сатылған, бұл алдыңғы Wii U консолымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Жаңа гаджет Еуропа мен АҚШ-та да үлкен сұранысқа ие. Осылайша, Nintendo коропрациясының акциялары сәрсенбі күні 1 пайызға қымбаттады.

Жаңа консоль ойын жүйесі мен мобильді гаджеттің біріккен нұсқасы. Көлемі шағын және қозғалыс сенсоры бар JoyCon джойстиктері де компанияның мақтанышына айналды.