Зияткерлік мектептердің сертификаты халықаралық деңгейде мойындалады және 2018 жылдың жазынан бастап NIS түлектеріне Германия университеттерінде оқуға болады.
«NIS Grade 12 Certificate 6 сала бойынша: математика, техникалық, жаратылыстану ғылымдары, медицина, тілдер және спорт бойынша дайындық курстарынсыз (штудиенколлег) өтуге мүмкіндік береді. Яғни, зияткерлік мектептердің түлектері бірден неміс университеттерінің бірінші курстарына ағылшын не неміс тіліндегі бағдарламаға қабылдану дегенді білдіреді», - дейді Орталықтың баспасөз қызметі.
Фото: nis.edu.kz