Қазақстанның әйелдер командасы командалық есепте 1703 ұпай көрсеткішімен 9-орын алды.
Бас жүлде Қытайға бұйырса, үздік үштікке Оңтүстік Корея мен Тайпей кірді. Ал жекелей сында Валерия Попелова 575 ұпаймен 18-орын, Нина Старова 566 ұпаймен 37-орын және Сәуле Әлімбек 562 ұпаймен 40-орынға тұрақтады.
Отандастарымыздың көрсеткіші олардың финалға өтуіне мүмкіндік бермеді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесін жеңіп алған болатын.