Аталған біріншілікке Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысты. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де сынға түсті.
Жарыс қорытындысы:
Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (ерлер):
1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)
2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)
3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)
Тапаншамен 10 метрден оқ ату (әйелдер):
1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)
2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)
3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)
10 метрден жылжымалы нысана көздеу (әйелдер):
1-орын - Шымкент қаласы
2-орын - Алматы қаласы
3-орын - Жамбыл облысы
Әйелдер:
Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу:
1-орын - Шымкент қаласы (30 ұпай)
2-орын - Алматы қаласы (25 ұпай)
3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)
Тапаншамен 10 метрден оқ ату (ерлер):
1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)
2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)
3-орын - Астана қаласы (20 ұпай)
10 метрден жылжымалы нысана көздеу (микст):
1-орын - Алматы қаласы
2-орын - Шымкент-1 қаласы
3-орын - Шымкент-2 қаласы
10 метрден тапаншамен оқ атудан аралас жұптық сын (микст):
1-орын - Шымкент-1 (Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин)
2-орын - Алматы-2 (Валерий Рахымжан мен Валерия Попелова)
3-орын - Алматы-1 (Дилара Вахитова мен Эльдар Иманқұлов)
Бір аптаға созылған бәсекеде 7 өңірден келген 100-ден астам мерген өзара 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Жалпы есепте Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанса (7 алтын, 7 күміс, 2 қола), Алматы қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Астана қаласының спортшылары түйіндеді.