Nissan мен Honda бірігетін болды
18:12, 23 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Honda Motor және Nissan Motor компаниялары 2026 жылы бірлескен кәсіпорын болатыны туралы баспасөз-релиз таратты.
Кейін осы жаңалыққа байланысты бірлескен баспасөз конференциясын да өткізді. Қол қойылған келісімде екі кәсіпорын бизнестерін интеграциялайтыны айтылған. Дегенмен түпкілікті келісім 2025 жылдың маусым айында бекітілмек. 2026 жылдың сәуірінде қос компанияның негізгі акционерлері бас қосып, бірігу мәселесін мақұлдайды. Ал бірігу процедурасы 2026 жылдың тамызында аяқталу керек.
Осы арқылы қос кәсіпорын жылына 7,5 млн көлік шығарып, 20 млрд доллар пайда табатын әлемдегі үшінші орындағы автоөндірушіге айналуды көздеп отыр.
Жапондық Honda автокөлік компаниясы Қытайдағы үш зауытын уақытша жапқанын жазған болатынбыз.