Әділбек Ниязымбетов аймақ басшысына өз алғысын білдіріп, екі бөлмелі пәтер алғанына аса қуанышты екенін жеткізді. Айта кеткен жөн, Рио Олимпиадасынан келген бойда Әділбек Ниязымбетов пен оның бапкері Марат Жәкиевке "Toyota" маркалы жол талғамайтын көліктер табысталған болатын. Ал боксшы Берік Әбдіраxмановқа 5 миллион теңгенің куәлігі берілген болатын.
Бұдан бөлек, Маңғыстау облыстық спорт басқармасы "Adoka" атты спорт киімдерін таныстырған болатын. Бұл бренд Әділбек Ниязымбетовтың құрметіне арналып отыр. Киімнің дизайны қазақтың ұлттық нақышына негізделген.