- Илья, сен Нижатты жарыс жолына алып шықпақшысың, бұл сенің алғашқы тәжірибең бе?
- Бұл менің өмірімдегі екінші жағдай. Мен 2013 жылы Вроцлавта Алмас Өтешев пен Вова Седовты жарысқа алып шықтым. Ол кезде бәрі ойдағыдай болды. Біз Нижатпен осы уақыт бойы жұмыс істедік. Оның дайындығы жақсы болды. Ол жас, оның күші тасып тұр. Үнемі алға ұмтылады. Синергияда да бірлесіп жақсы жұмыс атқардық. Мен оның кәсібилігіне сенім артамын. Кемінде бес немесе алты рет зілтемір көтерсе, мен үшін жақсы көрсеткіш болар еді.
- Оның қарсыластарын көрдің бе?
- Иә, шамамен білемін. Бұл әлем чемпионаты, бәрі де болуы мүмкін. Ол кәсіпқой спортшы, олимпиада чемпионы және оның тәжірибесі мол. Сондықтан бес рет зілтемір көтерсе болғаны, жүлденің ауылы жақындай түседі. Бұл салмақта қытайлықтар мықты. Бірақ, біз де осал емеспіз, үздік үштікке ілініп, ел қоржынына медаль саламыз деп ойлаймын.