France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ғалымның әріптесі Джеффри Блустоун Рамсделлдің Нобель сыйлығын алғанын әлі естімегенін айтқан.
- Доктор Рамсделл табиғат аясында демалғанды, жаяу серуендегенді жақсы көрді. Ол неше күннен бері байланыс аясынан тыс жерде, - деді Рамсделл тең құрылтайшысы саналатын биотехнологиялық Sonoma Biotherapeutics компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері жарияланған болатын.
Жеңімпаздар АҚШ пен Жапония ғалымдары — Мэри Э. Брунков, Фредерик Рамсделл және Шимон Сакагучи. Сыйлық ғалымдардың перифериялық иммундық толеранттылық жөніндегі зерттеулері үшін берілді.
Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктестік агенттігі ұсынған.