Нобель сыйлығының ең қарт лауреаты 100 жасқа толды

МӘСКЕУ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Нобель сыйлығының ең қарт лауреаты, итальяндық нейробиолог, өмір бойы сенатор Рита Леви Монталчини 100 жасқа толды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.«Мен кез келген адамға бұйырмаған жақсы өмір сүріп, жүз жасқа шалдықпай жеткеніме қуаныштымын. Мен өлімнен қорықпаймын, оның қашан келері онша маңызды емес», - деді ол.