Нобель сыйлығының иегері, жазушы Габриэль Гарсиа Маркес ауыр сырқатқа шалдықты

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат -  Әйгілі колумбиялық жазушы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері Габриэль Гарсиа Маркес ауыр сырқатқа шалдықты.

«Жүз жылдық жалғыздықтың» 85 жастағы авторы кәрілікке байланысты ақылынан алжасу дертіне ұшырады.

Бұл туралы жазушының бауыры айтып берді. «Оның есте сақтау қабілеті жоғалған. Кейде оны жоғалтатынымды сезініп, еріксіз көзіме жас аламын», - деді ол. Габриэль Гарсиа Маркес денсаулығына байланысты енді жаза алмайтын болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Жазушының бауыры сондай-ақ Маркестің дене қалпын жақсы ұстайтынын және өзіне тән әзілі мен құлшынысын жоғалтпағанын айтады.

Бұдан бұрын жергілікті БАҚ Маркестің ауыр сырқатқа шалдыққаны жайлы жазған болатын, алайда осыған дейін ресми түрде бұның анық-қанығы айтылмай келді.

Габриэль Гарсиа Маркес әдебиеттегі «құдіретті реализм» деп аталатын заманауи ағымның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Маркестің ең танымал шығармаларының қатарында «Жүз жылдық жалғыздық» романы мен «Полковникке ешкім де хат жазбайды» повесі бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.