Бұл туралы бүгін 5-ші Астана экономикалық форумының жабылуында Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы төрағасының орынбасары Михаил Федоров мәлім етті.
«Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы мен Нобель сыйлығы лауреаттары Астана клубының теңқұрылтайшылары рұқсат берді. Менің атап өткенім дұрыс, бұл бастамаға ҚР Президентінің әкімшілігі қолдау білдірді. Сонымен қатар Астана қаласының алаңында өтетін Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның 2013 жылдың 24 мамырда өтетіндігі нақтыланды», - деді ол.
Өз кезегінде Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл Қазақстанның елордасында, Астана экономикалық форумының аясында мұндай конференция өткізу өте жақсы әрі оң идея екендігін баса айтты.
«Біз жаһандық проблемаларды талқылайтын боламыз. Шындығында, тіпті үлкен жиырмалықтың мүшесі де болып табылмайтын елдің мұндай бастама көтерудегі өткірлігі, ақылдылығы құрметке лайық. Менің ойымша, Нобель сыйлығының лауреаттары, менің әріптестерім бұл алқалы жиынға міндетті түрде келетін болады», - деді ол.