АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова (49 келі) Польшада өтіп жатқан халықаралық «Polish Open» турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған испаниялық Виолета Диас Аррибаспке 0:2 есебімен жол берді. Осылайша Нодира Ахмедова турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы аталған турнирде ширек финалда италиялық Вирджиния Маестроны, жартылай финалда болгариялық Александра Георгиеваны жеңді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Нодира таэквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлде алды. Қола жүлде үшін кездесуде отандасымыз вьетнамдық Чыонг Тхи Ким Туді 2:0 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.