Ноғаев браконьерлерден алынған балықты жою қажеттігін айтты

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев браконьерлерден алынған балықтардың жойып отыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен балықты кейін пысықай бірулер төмен бағамен қайтара сатып жүрмес үшін, оны жойып отыруды ұсынамын. Бұл көршілес мемлекеттерде кең тараған тәжірибе. Тіпті табиғатты пайдаланушылар мен мамандардың өздері бұның тиімді шешім екендігін айтуда»,-деді Ноғаев құқық қорғау органы өкілдерінің үйлестіру кеңесінің отырысында.

Қазіргі таңда құқық қорғау органының өкілдері браконьерлерден тәркілейтін балықтар бірнеше компанияға таратылып береді. Бұл балық ең төменгі бағамен сатылады. Одан түскен пайда мемлекеттің иелігіне қайтарылады. Алайда сарапшылар осындай компаниялармен байланысты бар құқық қорғау органы өкілдерінің заңсыз балық аулауды ұйымдастыруы мүмкіндігін айтты.

Олар балықты ұстайды да оны тәркіленген өнім ретінде тіркейді. Сөйтіп олар өздерінің актілеріне иесі жоқ балықты өздері анықтағандай құжат толтырады. Бұдан әрі олар тәркіленген балықты сатып алатын компаниялардан оның нарықтық құнын алады. Браконьерліктің осындай заңдастырылған түрін енгізудің алдын алу үшін Ресей бұрыннан бері тәркіленген дүниені жойып жіберіп отырады.