Ноғай қызы Алина Әбдіразақова «Ғаламшар аруы» байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның Созополь қаласында 'Ғаламшар аруы-2015' байқауы өтті. Бас жүлдеге Астрахань қаласынан барған 7 жасар оқушы Алина Әбдіразақова ие болды.

Қыз қазылар алқасының сауалдарына жауап берген уақытта ағылшын тілінде өзі туралы, өзінің құштарлықтарымен бөлісіп, ноғайдың ұлттық киімін көрсетті, ұлттық биді орындады, - деді «Комсомольская правда» газетіне РФ Астрахань облысының әкімшілігінен.

Алина - «Тұлпар» ұлттық би ансамблінің солисі. Сондықтан сахнада өзгелерге қарағанда өзін сенімді ұстады.

- Елім мен сүйікті қаламның намысын қорғағаныма қуаныштымын, - деді қыз өнер көрсетіп болған соң. 7 жасар қыз тәж, лента мен алтын мантияға ие болды. «Ғаламшардың кішкентай аруы» атағымен бірге Алина үздік ұлттық костюм үшін де сыйлыққа ие болды.