71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен және алты раундқа жоспарланған жекпе-жекті Боррего мерзімінен бұрын аяқтады.
Төртінші раундта нокдаун тіркелді. Шаршы алаң жиегінде тұрған Мырзағали Айтжанов Шымбергеновтің шарасыздығын көріп, рингке орамал тастады. Осылайша төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз.
Тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да кубалық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді.