Жерлесіміз келесі айқасын 26 қаңтар күні Квебекте (Канада) өткізеді. Оның қарсыласы - «Питбуль» лақап атымен танымал 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуарес (13-1, 4 КО). 10 раундқа шақталған жекпе-жекке жастар арасында бірінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы тігілген.
«Садриддинмен алғаш рет кездескендегі айтқаны есімде. Ол маған: «Флойд Мэйвезер, Мэнни Пакьяо сияқты боксшыларды жеңіп, тарихта қалғым келеді. Мен олардың нәтижесін басып озамын», - деген еді. Біз оған, ол бізге сенеді. Жігіттердің дамуы үшін сапалы қарсыластарды таңдауымыз қажет. WBC титулына таласу үшін мықты қарсыласты таңдауымызға тура келді. Бұл Садриддин үшін қиын сынақ. Ол Марк Рэмси және оның бапкерлерімен жақсы дайындық өткізді. Ахмедов осы айқасқа дене даярлығы бойынша жаңа бапкермен жұмыс істеді. Ол жекпе-жекке барынша дайын болады», - деді Эстефан GR8 Fight North подкасына берген сұхбатында.