Кәсіпқой боксшының мүддесін қорғайтын Suleimen Promotions компаниясы таратқан ақпаратқа сенсек, Айдосқа «Талқандаушы» (Demolisher) деген атпен танылған намибиялық боксшы Лукас Ндафолума (15-1, 6 КО) қарсылас болады.
Еске сала кетейік, Мәскеудің «Крылья Советов» спорт кешенінде өткізген соңғы жекпе-жегінде Айдос бельгиялық Илиас Ачергуиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген болатын.