Қазақстандық команда кездесу барысында жинақы ойын көрсетті. Алғашқы кезеңде елордалық клуб екі гол соқса, тағы бір шайбаны үшінші кезеңде енгізді.
«Номад» (Астана, Қазақстан) — «Херлев Иглз» (Дания) 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)
1:0 — Алибек (Муратов, Шульга) — 03:15
2:0 — Королёв (Панюков, Бейсембаев) — 05:12
3:0 — Алибек (Панюков, Муратов) — 54:43 ГБ
Қақпашылар: Нурек — Эльмос.
Осылайша «Номад» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, екінші кезеңнің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін қазақстандық команда Италияның «Азиаго» клубын 3:2, Румынияның «Корона Брашов» клубын 5:2 есебімен қапы қалдырды.
«Номад» командасының құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Артём Шестаков, Джохар Дударкиев.
Қорғаушылар: Артём Королёв, Руслан Түсіпбеков, Кирилл Никитин, Александр Макаров, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Диқанбек.
Шабуылшылар: Артур Гросс, Олег Бойко, Никита Ситников, Әділ Бейсембаев, Николай Шульга, Батырлан Мұратов, Никита Мерзликин, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Даниил Цыбин, Асанали Русланұлы, Кирилл Панюков, Темірлан Китаров.
Айта кетсек, биыл қаңтар айында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен шайбалы хоккейден Континенталды кубок ойындарына қазақстандық «Торпедо» (Өскемен) қатысты. Турнир қорытындысы бойынша «Торпедо» жүлделі екінші орынды иеленді.