Nomad MMA федерациясы 2017 жылды балалар спортын дамыту жылы деп атады
Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның спорттық төрешілері қатысқан конференция төрешілер мен бапкерлер құрамының жұмысын жетілдіру жөніндегі бес күндік семинар аясында өтті.
Федерация президенті төрешілер алқасы мен бапкерлердің Nomad MMA дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады және Қазақстанда спорттың бұл түріне қызығушылық артқанын атап өтті.
«Бүгінде Nomad MMA еліміздегі ең танымал спорт түріне айналды. Енді оның дамуы үшін аянбай күш салуымыз керек», - деді Г. Гаджиев.
Оның айтуынша, «Айқас жүргізудегі тәжірибемен, біліммен, кәсіби қабілеттермен, рухани құндылықтармен бөлісу федерацияның, ұйымның тіпті әр спортшының табысты дамуының негізгі алғышарты болып табылады».
Федерация президенті 2017 жылды Балалар спортын дамыту жылы деп атауды ұсынды.
«Биыл қазан айында Қазақстанда «Алтын бала» - Nomad MMA бойынша балалар мен юниорлар арасында әлем чемпионаты өтеді», - деп хабарлады Nomad MMA ұлттық жекпе-жек өнері заманауи стилінің негізін қалаушы Сергей Ан.
Сонымен бірге, Сергей Ан жылдар бойы балалар және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіп келе жатқан қоғамдық бірлестікті кәсіби жекпе-жекшімен және промоутерлік қызметпен айналысатын ММА-мен үндес ұйымдармен ешқашан салыстырмау керектігін айтты. Әуесқой спортта адам факторы бірінші орында.
Осыған орай, федерация тәрбиеленушілердің моральдық, психологиялық, физикалық және техникалық-тактикалық дамуына көп көңіл бөледі. Қорғаныс киімін қолдану арқылы қатысатын оқыту және жарыстық жекпе-жектің қағидалары арқылы жарақат алу факторы азайды, деп хабарлады Бүкіләлемдік Nomad MMA Федерациясының баспасөз қызметі.
Nomad MMA - бұл ежелгі қазақ жауынгерлерінің дәстүрі мен заманауи әлемнің қалпын және рухани-мәдени құндылықтар жүйесін біріктіретін спортшыны жан-жақты дамыту әдістемесі, ол жаны мен тәні сау, өз елінің шын патриоттарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді.
Nomad MMA федерациясының тәрбиеленушілері ҚР Қарулы күштерінің түрлі бөлімдерінде, күш құрылымдарының бөлімшелерінде әскери борыштарын өтеп жүр.
Әзірленген мектеп әдістемесі балалар бес жасынан бастап Nomad MMA жүйесі бойынша жаттыға алады.
Алғашқы кезең - дене тәрбиесі-сауықтыру деп аталады, мұнда баланың денсаулығын нығайту, физиологиялық сапасын тестілеу көзделген, спортпен айналысуға қажетті қабілеттерді жетілдіреді.
Екінші кезең - оқыту-аттестаттау, онда түрлі жас санатындағы балалар жаттығу процесінде аттестациялық экзамен тапсырып, жарыстық кезеңге өтуге қажетті дағды мен қабілеттерді меңгереді.
Бапкерлік құрам әлемнің түрлі елдерінде жекпе-жектің қыр-сырын үйреніп, халықаралық тәжірибе жинақтайды, шеберлік сыныптарына қатысады.
Өзінің 12 жылдық дамуында Nomad MMA Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де жаппай спорт түріне айналды. Қазіргі уақытта федерацияда 14 мыңнан астам балалар мен жасөспірім бар, олардың арасында 14 елдің өкілдері бар.
Жыл сайын «Азия жекпе-жек шебері», кубок және әлем чемпионаты секілді ірі халықаралық жарыстар өткізіледі.
Бес күндік халықаралық семинар соңында Nomad MMA федерациясының төреші алқасы емтихан тапсырады.