Нөмірсіз жүрген жол талғамайтын көліктің жүргізуші ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Lexus LX 570» маркалы автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Әузеов аудандық ПБ 3-ротасының қызметкерлері күнделікті алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Жандосов көшесінің бойында «Lexus LX 570» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚбК-нің 590 бабы 2 бөлігі талаптарын бұзғандығы анықталды.

Атап айтқанда, жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, (МТНБ) көлік құралын басқарған.

Осыған байланысты, көлік жүргізушісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Автор: Думан Арғынгелді