Жарылысқа станса аумағында сутегінің төгілуі себеп болған, деген долбар бар. Соңғы ақпараттар бойынша бір адам - электр монтажшы - қаза болған. Бірақ та, құрбан болғандардың саны көбеюі мүмкін, дейді дерек көз.
Жарылыстың екпінінен 5 қабатты әкімшілік ғимарат қирап отыр. Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін.
Жылу-электр стансасының жұмысы уақытша тоқтатылып, тұрғын үй орамдары ыстық сусыз қалды. Оқиға орнында апат салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, төтенше жағдайлар ведомствосының мамандары жұмыс істеп жатыр.