Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, заң жобасы мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының мәтіндерін олардың өздерінің интернет ресурстарында жариялауды міндеттейді. «Ақпарат жүйелерінің қазіргідей шапшаң дамып отырған тұсында бұл шара өзекті болып табылады және құқық насихаттау міндетін атқарады. Заң жобасына оны іске асыруға қажетті барлық заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді ұсыну ережелері енгізіледі. Бұл шара заң жобасының жүзеге асырылғаннан кейінгі оның тиімділігін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол заңнамаға қайшы келетін, ескірген және жемқорлық әрекеттеріне жол беретін құқықтық нормаларды анықтауға жағдай тудырады. Сонымен қатар барлық нормативтік-құқықтық актілер үшін бірыңғай заң техникасын бекіту ұсынылады», деді вице-министр.
Құжатты жан-жақты талқылаған сенаторлар оны Сенаттың жалпы отырысында екінші оқылымда қарауға дайындау қажет деп тапты.