Мәлім болғанындай, алтын жиһаздардың астына, заттардың ішіне, іш киімдердің арасына, ванна бөлмесінде, сондай-ақ виски сусынының шөлмектеріне және өзге де көптеген құпия жерлерге жақсылап жасырылған.
Барлығы 5 мың алтын шақа табылған. Сондай-ақ салмағы 12 келі болатын екі құйма мен 7 келілік алтынның бөліктері бар. Осы оқиғаға байланысты ақпараттарда үй иесінің алтынды заңды түрде 1950-1960 жылдары сатып алып, сақтап келгендігі айтылады. Оның тіпті арнайы сертификаттары да бар көрінеді.