08:57, 18 Мамыр 2009
Норвег орындаушысы Александр Рыбак «Евровидение-2009» конкурсының жеңімпазы атанды
МӘСКЕУ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Шыққан тегі беларус норвег орындаушысы Александр Рыбак «Евровидение-2009» конкурсының жеңімпазы атанды.
Александр Рыбак «Fairytale» («Ертегі») деген әнімен барлығы 387 балл дауыс алып, осынау айтулы конкурстың бас жүлдесін қанжығасына байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Ал екінші орынды 218 балл жинаған исландиялық әнші Йоханна иеленсе, үшінші орынды 207 балл алған әзірбайжандық дуэт Айсель мен Араш місе тұтты.