Норвегия: атыс құрбандарының саны 91 адамға жетті

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Норвегиядағы лаңкестік әрекеттің құрбандарының саны 91 адамға жетті, деп хабарлады BBCRussian.com.

84 адам Осло түбіндегі жастар лагеріне жасалған шабуыл кезінде қаза тапты, деп хабарлады жергілікті полиция.

Тағы жеті адам, олардың барлығы премьер-министр аппаратының қызметкерлері, Ослодағы жарылыс кезінде қаза тапты.

Полицейлердің нақтылап отырғанындай, атыс жасаған деген күдікпен ұсталған Андерс Брейвик оңшыл көзқарасты ұстанып отыр.

Норвегия Премьер-министрі Йенс Столтенберг жұма күнгі Норвегиядағы оқиғаларды түнгі қорқынышты түс әрі ұлттық қасірет деп атап отыр.

ТV2 телеарнасының хабарлауынша, Норвегиядағы 22 шілдедегі лаңкестік әрекетті «Ансар аль-Джихад аль-Алами» лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр. Оның қатысушылары өздерінің бейнеүндеулерін You Tube порталының арналарының бірінде жария етіпті. Олар батыс елдерін Ауғанстанға көрсеткен қысымы мен Аллаһқа деген немқұрайдылығы үшін айыптап отыр.