Елшінің атап өтуінше, бұл оның Маңғыстау облысына жасаған бірінші сапары, бірақ соңғысы емес.
«Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніме екі ай болды, және елмен, қазіргі кезде Батыс Қазақстанмен өз көзіммен танысуды өте маңызды деп есептеймін. Бұдан басқа, норвегиялық компаниялар мен маңғыстаулық бизнес қауымдастықтың ынтымақтастығын дамытудың алдағы болашағын зерттеу менің мақсатым болып табылады», - деді Оле Йохан Бёрной.
Маңғыстау облысы мен Норвегия Корольдігі арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастық жоғары деңгейде, бұған сыртқы сауда айналымы көрсеткіштері дәлел бола алады. Мысалы, 2011 жылы бұл көрсеткіш 2 449,3 мың АҚШ долларын құрады.