— Ұлы Мәртебелі Корольдің денсаулығы демалыс күндері нашарлады. Қан құрамынан бактериялық инфекция анықталуына байланысты монархқа бактерияға қарсы ем тағайындалды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар король сарайы мемлекет басшысының жалпы жағдайы тұрақты екенін және жүргізіліп жатқан емнің оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.
Қазіргі уақытта Харальд V 89 жаста. Ол Еуропада билік етіп отырған ең жасы үлкен мемлекет басшысы. Король 17 тамызда жұқпалы ауруға және гемолитикалық анемиядан туындаған асқынуларға байланысты ауруханаға жатқызылған.
Айта кетейік, 90-ға таяған норвегиялық монарх бұған дейін Испанияның Тенерифе аралында инфекция мен сусыздану салдарынан ауруханаға жатқызылды.