Норвегия Либерияға орманын сақтап қалу үшін 150 млн. доллар бермек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Либерия 2020 жылы орманды отаудан толықтай бас тартатын алғашқы африкалық ел атанбақ, олар осы мақсатта Норвегиядан 150 млн доллар көмек алатын болады, деп хабарлады ВВС.

Норвегиялық мамандар либериялықтарға ормандарды тиімді қорғау үшін мониторинг орталығын салуға, аңшылық қызметін құруға жәрдем көрсетпек.

Кейбір вирусологтардың айтуынша, Эболаның пайда болуы африкалық аймақтарда орманның жойылуына байланысты болуы мүмкін. Өйткені, ағаштар жоқ болса, адамдар мен безгек арасындағы табиғи тосқауыл да жойылады.